Алматы облысында түскі ас беруде сапасыз еттен 60-тан астам адам уланып қалды деп хабарлайды облыстық мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның мәліметінше, жаппай улану Ақсу ауданы Сағабүйен кентінде тіркелді.
«62 адам медициналық көмекке жүгінді. 12 адам облыстық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен құтқарушылар бригадасы жұмыс істеуде, олар кентте үй-үйді аралап жүр», -делінген хабарламада.
Баспасөз хабарламасына сәйкес, алдын ала мәлімет бойынша, адамдар 28 қыркүйекте үйлердің бірінді болған түскі ас беруде сапасыз еттен уланып қалған.
Сағабүйен кентінде карантин жарияланды.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА