
Қайғылы оқиға 8 желтоқсан күні Есбол ауылында болған. Үйдің қожайыны мен оның қонағына танысы амандасуға барғанда үйден екі адамның сүйегі табылған.
Үй иесі 1976 жылғы азамат жалғыз тұрады, оған тағы бір жігіт қонаққа келген. Оқиға болған күні екеуі де бақилыққа аттанып кеткен.
Индер ауданы әкімшілігінің баспасөз қызметі екі адам газден уланбаған, үйдің пешін қатты ысытып қойып ұйықтап қалғаннан жүрегі тоқтаған болжамды айтты. Сараптама тағайындалды, нақты не болғанын соның нәтижесінен анықталады. Полиция тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп жатыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау -4