Атырау, 28 қыркүйек 08:14
 ашықВ Атырау +21
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

«Шал» фильмі енді «Оскарға» таласады

3 043 просмотра

Қазақстандық режиссер Ермек Тұрсынов түсірген «Шал» фильмі енді Америка киноакадемиясының «Оскар» сыйлығына ұсынылды. Бұл туралыTengrinews.kz. тілшісі хабарлады.

Фильм «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясын алу үшін таласқа түседі. Белгілі кинорежиссер Сатыбалды Нарымбетов басқарған комиссия осы үшін қажетті құжаттарды АҚШ-қа жіберіп қойыпты.

Өткен жылы Қазақстаннан бұл сыйлыққа Амантай Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты тарихи драмасы ұсынылған болатын. Бірақ ол сыйлықтың шорт-парағына ілікпеді. Яғни жүлдеге таласатын таңдаулы фильмдердің санатына кіре алмады.

«Шал» драмасы амеркалық жазушы Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» атты Нобель сыйлығын алған повесінің желісі негізінде түсірілген. Рас, ондағы өмір қазақтың байтақ даласында өтеді. Оның басты рөлін сомдаған Ерболат Тоғызақов Қазақстанның 2013 жылғы ең үздік актері танылды. Бұл фильм мен Е.Тоғызақов жақында Ресей кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Еске сала кетейік, Ермек Тұрсыновтың «Келін» фильмі де 2010 жылы «Оскар» сыйлығына ұсынылған болатын. Ол фествальдің шорт-парағына кіре алды. Алайда, бас жүлде ала алмады. Дегенмен, әлем кинематографтарынан жақсы баға алды.

Дереккөз: "Егемен Қазақстан"

29 қыркүйек 2013, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.