Атырау, 19 желтоқсан 22:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Астанадағы білім орталығы 152 млн теңгені иемденді

338 рет қаралды

Елорда тұрғыны білім беру қызметін көрсетеміз деген желеумен 52 азаматтың жалпы сомасы 152 млн теңге қаражатын иемденгені анықталды.

Кінәлі білім беру орталығының негізін қалаушы бола тұра, әлеуметтік желілердегі аккаунттар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарнама жариялап, азаматтарға шетелде оқуды ұйымдастыруды уәде еткен. Ол Еуропаның жоғары оқу орындарына түсуге көмектесемін және шетелде бір жылдық тіл білімінен босататын халықаралық сертификат беремін деп курстарға жазылуды ұсынған.

Алайда уәде етілген сертификаттар берілмеген, ал шетелдік оқу іс жүзінде жүзеге аспаған. Сонымен қатар компанияда көрсетілген қызметті атқару үшін қажетті халықаралық аккредитация болмағаны анықталды.

Мәселен, халықаралық сертификат алып, баласын Еуропада оқытуға дайындатқысы келген ата-аналардың бірі 3 млн теңгеге жуық шығынға ұшыраған.

Тергеу барысында кінәлінің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға мүмкіндігі болмағаны, келісім-шарттарды қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін жасағаны және алынған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағаны дәлелденді.

Кінәлі өз кінәсін мойындамағанымен, сот үкімімен ол:

  • 6 жылға бас бостандығынан айырылды;
  • 7 жылға оқу орындарын ұйымдастыруға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары толық қанағаттандырылды.

Астана қаласының прокуратурасы алаяқтық жасағаны үшін мүлкін тәркілей отырып, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын ескертеді.

1 желтоқсан, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.