
Атырау қаласындағы №50 жалпы орта мектепте әр жұма «Ұлттық құндылықтар күні» ретінде аталып өтеді.
Бұл күні оқушылар мен ұстаздар дәстүрлі және заманауи үлгідегі ұлттық киім киіп, мәдениетті күнделікті өмірмен сабақтастырады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Ұлттық киім күні аясында әр аптада түрлі мазмұндағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, асық ату, ләңгі тебу, тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар ойнатылып, оқушылардың танымдық және қимыл-қозғалыс қабілеттері дамытылады. Сонымен қатар сынып сағаттарында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен киім мәдениеті таныстырылып, оқушыларға ұлттық құндылықтардың мәні түсіндіріледі, - деді мектеп директоры Амангүл Баймұханова.
Айта кетсек, аталған білім ордасында бүгінде 1400-ден астам оқушы білім алуда.
В Атырау -1