
КМК «Атырау облысы Су Арнасы» тұрғындарға су тазалау қондырғылары штаттық технологиялық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды.
Су көрсеткіштері сағат сайын бақыланып, барлық параметрлер санитарлық нормаларға сәйкес.
СНиП бойынша судың лайлылығы 1,5 мг/л дейін болуы тиіс, қазіргі көрсеткіш – 0,5 мг/л, яғни нормадан төмен.
Қалдық хлордың нормативі – 0,8–1,2 мг/л. Қазіргі уақытта сүзгі станциясында қалдық хлор 0,27–0,35 мг/л, бұл норма шегінен төмен және денсаулыққа қауіпсіз.
Жазғы маусым аяқталған соң су тұтыну төмендеді, сондықтан кейбір аз тұтынылатын учаскелерде су қозғалысы баяулады. Нәтижесінде қалдық хлор уақытша жиналып, судың қозғалуымен қысқа уақытқа хлор иісі сезілуі мүмкін. Бұл бұзушылық емес, тек маусымдық тұтыну азаюына байланысты.
Су тазалау қондырғыларының зертханасының пікірі:
• Зертхана күнделікті суды талдайды;
• Дәмі, иісі және микробиологиялық көрсеткіштері нормада;
• Қауіпті немесе тыйым салынған ауытқулар анықталған жоқ;
• Авангард-2, Авангард-3, Алиев жеке секторы, Құрманғазы, Атамұра, Нұрсая, Таумыш, Жұмағалиев, Алиева көшелерінде және басқа нүктелерде тексерілді.
Бүгін мамандар тұрғындардың өтініштері бойынша қайта сынама алуды жалғастыруда.
Суды зарарсыздандыру үшін натрий гипохлориты қолданылады – бұл реагент су қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құбырларда микробтардың өсуін тежейді. Оның мөлшері нормадан аспайды және денсаулыққа қауіп төндірмейді.
Қаладағы ауыз су қауіпсіз, санитарлық нормаларға сәйкес келеді және оны ішуге, тамақ дайындауға және тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалануға болады.
Ағымдағы сынамалардың қосымша нәтижелері зертханалық талдау аяқталған соң жарияланады.
В Атырау -1