Атырау, 24 қараша 06:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Елімізде бензин бағасы 5-7%-ға қымбаттайды

2 911 просмотра

Ресей Федерациясынан импортталатын бензин көлемінің қысқаруына байланысты, Қазақстан нарығында бензин бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

«Қазақстан Ресейден жоғары октанды бензинді белгілі бір мөлшерде ұдайы импорттап отыратыны белгілі. Себебі, біздің зауыттар ішкі нарықты бензиннің мұндай түрлерімен қамтамасыз ете алмайды», - деді Ұ.Қарабалин. 

Оның айтуынша, Ресейден жылына 800-900 мың тонна бензин импортталады.

«Қазан айында Омбы, Уфадағы ірі зауыттар жоспарлы түрдегі жөндеу жұмыстарынан өтеді деп жоспарлануда. Осыған орай, Ресейден әкелінетін мұнай өнімдерінің мөлшері азаяды. Бұл – уақытша құбылыс, десек те, бұл жайт Қазақстандағы бензин бағасына әсер ететін болады», - деді министр.

Ұзақбай Қарабалин Қазақстан нарығында бензиннің бағасы өсуі мүмкін деген болжам айтты.

«Қазір сізге нақты айта алмаймын, бірақ 5-7%-дан аспайды деп болжап отырмыз», - деп толықтырды ол.

Дереккөз: bnews.kz

26 қыркүйек 2013, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.