Алматыда бейсенбіде таңертең Travel Express компаниясының инкассаторларына қарулы шабуыл жасалды, бір адам қайтыс болды, екіншісі қатты жарақаттанды деп хабарлады Қазақстан жаңалықтары АА-ға қалалық ІІД баспасөз қызметінің қызметкері.
«Сағат 9.30-да Желтоқсан және Қ. Сәтпаев көшелерінің қиылысында ақша тонау мақсатында қарулы қаскүнемдер қазақстандың Travel Express компаниясының инкассаторлары ақша тасымалдап бара жатқан кезінде оларға бас салған. Инкассаторлардың бірі оқиға орнында мерт болса, екіншісінің халі мүшкіл, ол Алматы қалалық ауруханасына жеткізілді»,-деді агенттікке хабарлаушы.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.