Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Балаларға қуаныш: жаңа​ 40 ойын және спорттық алаңдар ашылады

438 рет қаралды

Қалада «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша 44 аумақта жаңа ойын және спорт алаңдары, сондай-ақ кіші футбол алаңдары салынуда. Бұл туралы қалалық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Дулат Қуанғали мәлімдеді.

Жобаға Азаттық пен М.Қазырет көшелері, Еркінқала-1 және Еркінқала-2, Авангард шағынауданы, Владимирский мен Абай көшелері, Алмалы ауылдық округі және басқа да аудандар кірді. Қазіргі таңда жұмыстардың 80 пайызы аяқталған.

Алаңдар халықаралық стандарттарға сай жабдықталып жатыр: кіші футбол алаңдарына жасанды көгал төселіп, қауіпсіздік қоршаулары орнатылуда. Сонымен қатар түнгі уақытта ойнауға мүмкіндік беретін жарық шамдары, шағын қақпалар және арнайы ойын аймақтары қарастырылған.

Бұдан бөлек, «Балалар ойын және спорт алаңдарын жаңарту» жобасы аясында қаладағы 40 мекенжайда балаларға арналған ойын алаңдары мен ашық спорттық жаттығу алаңдары салынуда. Қазіргі уақытта резеңке қабат төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Барлық нысандар жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

21 қараша, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.