
Куәгерлердің айтуынша, дауыс зорайтқыш арқылы ғимараттан дереу шығу туралы хабарландыру жасалған.
Сауда орталығы ішіндегі дүкендер жедел жабылып, адамдар сыртқа шығарылды.
Ресми себеп әзірге хабарланбады. Ғимарат ішінде және маңында төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеуде.
Алдын ала мәлімет бойынша, эвакуацияға ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама себеп болуы мүмкін. Алайда бұл ақпаратты сауда орталығының әкімшілігі де, уәкілетті органдар да әзірге растаған жоқ.
Жағдай нақтыланып жатыр.
UPD: Атырау облысы полиция департаменті хабарлайды: Атырау қаласындағы Infinity Mall сауда орталығында жарылғыш зат бар деп келген жалған хабарлама бойынша анықтап-тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жарылғыш зат анықталған жоқ. Жалған хабарлама беру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, яғни терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау дерегі бойынша бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау -1