
Қазақстанда бүгінгі таңда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған жалпы 324 келісімшарт бар, деп хабарлады Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Үкімет отырысында.
Оның ішінде барлауға – 15, барлауға және өндіруге – 170, өндіруге – 131, өнімді бөлу келісімі бойынша (ӨБК) – 8 келісімшарт бар.
Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылдың 9 айында геологиялық барлауға салыған инвестиция көлемі 80 млрд теңгені құрады.
«2023 және 2024 жылдары жер қойнауын пайдаланушылар геологиялық барлауға тиісінше 150 млрд және 160 млрд теңге инвестициялады. Жыл соңына дейін геологиялық барлауға салынатын инвестиция көлемі алдыңғы жылдардың деңгейінен кем болмайды деп күтілуде», — деп атап өтті Қайырхан Тұтқышбаев.
Қазіргі уақытта мұнай саласында шамамен 220 мың адам еңбек етеді, оған өндіру, өңдеу, тасымалдау және мұнай сервисі кіреді деді вице-министр.
В Атырау +4