Атырау, 5 желтоқсан 09:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жылыжайдан бастап мектепке дейін: Атырау обласында ондаған жоба жүзеге асырылып жатыр

210 рет қаралды

Атырау облысында Жалпыұлттық пул шеңберінде 10 жоба іске асырылады. Бұл бастамалар аймақ экономикасының түрлі саласын қамтып, 1200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.

Инфрақұрылымды-инновациялык жобаларды дамыту бөлімінің басшысы Гүлфайруз Маратованың айтуынша, биыл Атырау облысында Жалпыұлттық пул аясында 20 жоба жоспарланып, 10-ы іске қосылды. 

- Бүгінде жүзеге асырылған жобалардың қатарында FFS қаптар шығаратын зауыт, құбырлар мен жабдықтарға арналған бөлшектер өндірісі, тауық етінің жартылай фабрикаттары өндірісі, №6 турбоагрегатты ауыстыру, вагон дөңгелек шеберханасы және Farabi International School жекеменшік мектебі бар, - деді Г.Маратова.

Ал жыл соңына дейін іске орындалуы тиіс жобалардың қатарында:

  • ет өнімін өндіруге бағытталған құс фабрикасы, 
  • тауарлы балық шаруашылығы, 
  • жылыжай кешені, 
  • көкөніс қоймалары, 
  • кемпингтер, 
  • дәнекерлеу және сервистік цехтар, 
  • құрама жем өндіру зауыты, 
  • жаңа мектептер, қонақ үй және әкімшілік кеңсе құрылысы бар. 

Бұл бағдарламалар өңір экономикасын дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға сеп болмақ.

11 қараша, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.