Атырау, 5 желтоқсан 09:09
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жолда жалғыз жүрген балақай: Атыраудағы жақсы аяқталған оқиға

297 рет қаралды
Chat GPT арқылы жасалған сурет
Chat GPT арқылы жасалған сурет

Кеше таңертең Атырау қаласындағы Самал ықшамауданында «Ақ Жайық» газетінің тілшісі Алма Қалусариева жол бойында жалаңаяқ, үстінде сырт киімі жоқ кішкентай баланы байқап қалған.

Бала жалғыз жүргенін, қайда тұратынын айта алмайтынын түсінген Алма тоқтап, жанынан өткен адамдардан баланы танитындар бар ма деп сұрай бастады. Алайда жақын маңдағы тұрғындардың ешқайсысы оны танымады.

Журналист полицияға хабар берді. Бірақ тәртіп сақшылары келгенше, баланы тоңып қалмасын деп көлігіне отырғызып, маңайдағы көшелерді аралап, оның үйін табуға тырысқан. Бір үйдің қасынан өтіп бара жатқанда, бала кенеттен: «Мама!» — деп айқайлап, терезеге ұмтылған. Осылайша оның ата-анасын табуға мүмкіндік туыпты.

Анасы баланың дамуында ерекшеліктер бар екенін, кейде үйден байқатпай шығып кететінін растады.

...Әдетте біз, журналистер, өзіміз туралы көп жазбаймыз. Бірақ бұл оқиғаны есте сақтағымыз келеді — мақтау үшін емес, кейде жай ғана тоқтап, назар аударып, «бәрі жақсы ма?» деп сұраудың қаншалық маңызды екенін еске салу үшін. Өйткені бір ғана жанашырлық танытқан адами әрекет біреудің өмірін сақтап қалуға себеп болуы мүмкін.

Айнұр САПАРОВА

11 қараша, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.