Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданынындағы Қайназар ауылында бір тәулікте 88 баланың инфекциялық ауруға шалдыққаны анықталды.
Науқас балалардың дене қызуы көтеріліп, жүректері айнып, кейбірінің іші өткен. Қазірге тоғыз бала аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Ал 88 баланың 49-ы оқушы болса, 38-і мектеп жасына дейінгі бүлдіршін. Дәрігерлердің айтуынша, ауруға тек қана балалар шалдыққан. Қазір инфекция шыққан ауылда облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалу департаменті және аудандық ауруханадан құралған 50-ден астам маман жұмыс істеп жатыр. Жалпы Қайназар ауылында төрт мыңнан астам тұрғын бар. Санитарлық дәрігерлер әрбір үйді аралап, тұрғындарды медициналық тексеруден өткізуде. Ауылда 700 орындық мектеп бар. Оқу орнының асханасындағы азық-түліктен сынамалар алынып,тексеруге жіберелді. Ал дәрігерлердің бақылауындағы 9 баланың қазір дене қызуы түсіп, жағдайы түзеліп келеді.Алдын ала болжам бойынша, науқастарға анықталмаған жіті ішек жұқпасы деген диагноз қойылды.
Рая Ақашева, Алматы облыстық СЭҚД басшысының орынбасары:
- Бүгінге облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің қойған диагнозі – анықталмаған жіті ішек жұқпасы. Энтеровирустық жұқпасын алдын ала болжап отыр. Енді ол шаралардың бәрін атқаруға біздің мамандарымыз қатыстырылды. Мектептің асханасынан шайындылар алынды. Сол жерде су орталықтандырылған екен. Каптаждан және ауылдың ішіндегі құдықтан, мектептің ішінен су алынып,аудандық бактерологиялық зертханаға, сонымен бірге республикалық орталыққа жеткізілді. Оның қорытындысы үш күннен кейін айтылады.
Дереккөз: 24.kz