Атырау, 24 қараша 06:16
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Люксембург Қазақстанға оффшорлық шоттар туралы ақпарат ұсынатын болады

1 491 просмотра
АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Люксембург Қазақстанға оффшорлық шоттар туралы ақпарат ұсынатын болады.

Бұл туралы бүгін Мәжілісте Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті. Еске салсақ, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары Қазақстан мен Люксембург Ұлы Герцогтiгi арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмауға бағытталған құжатты мақұлдаған болатын.

Қаржы министрінің айтуынша, аталмыш конвенцияны қабылдау арқылы екі ел арасындағы қосарланған салық салу жойылып, мемлекеттер қаражатты жымқыру, оның ішінде оффшорлық шоттар туралы ақпараттар алмаса алады. Сонымен қатар, Б. Жәмішев Еуропалық одақтың белсенді түрде оффшорлы елдерге қысым жасап отырғанын, олардың заңнамасын өзгерту арқылы ашықтыққа итермелеп жатқанын мәлімдеді.

«Ал аталған конвенция мұндай бағыттағы қандай да бір ақпарат алмасуда алып қоюларды қарастырмайды, ақпарат үшін банктік немесе басқа да құпиялар болмайды. Олар тарапынан да біздің тарапымыздан да сұралған қандай да бір ақпарат уәкілетті органдар арасында ұсынылатын болады. Ең бастысы, Конвенцияның негізгі мақсаты - Қазақстанға айтарлықтай инвестицияның ағылуына жағдай жасау», - дейді Болат Жәмішев.

Дереккөз: inform.kz

25 қыркүйек 2013, 14:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.