Атырау, 24 қараша 06:57
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Нан бағасы қымбаттайды деуге ешбір негіз жоқ – Мамытбеков

1 814 просмотра

Нан бағасы қымбаттайды деуге ешбір негіз жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Соңғы рет нанның бағасы 2007 жылы күрт өсті, содан бері нан бағасы бір деңгейде тұр. 1-ші сұрыпты ұннан жасалған 600 грамдық бір бөлке нанның бағасы – 43-44 теңге. Бұл – орташа қалыптасқан көрсеткіш. Кей облыста ол жоғары, кейбірінде төмен. Бүгінде өзіндік құнға тікелей әсер ететін жанар-жағармай бағасы қымбаттап жатыр, көлік шығындары көтерілді, қуаңшылық байқалуда, бидай қымбаттады. Соған қарамастан, бізідң елімізде нан бағасы тұрақты болып отыр. Ол да үлкен мәселе. Өйткені бір жағынан мұндай тұрақтылық халыққа тиімді болғанмен, ол қандай бағамен келіп отырғанын да ескеру керек. Ол тұрақтылық дұрыс па? Оны біз қазір сараптап жатырмыз», - деді Мамытбеков.

«Бір тонна бидайдың нарықтық құны 300 долларға жеткені естеріңізде болар. Қазір оның бағасы 27-28 мың теңге көлемінде. Бұл – нан бағасы қымбаттап кетпеуі үшін Азық-түлік келісім шарт корпорациясы белгілеген баға. Бұл ретте нан бағасы қазіргі уақыттағы деңгейде сақталып отырғанын атап өткен жөн. Сондықтан нан бағасы көтеріледі деп айтуға ешбір негіз жоқ», - деп түйіндеді ол

Дереккөз: bnews.kz

23 қыркүйек 2013, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.