Атырау, 24 қараша 07:00
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кедендік одақ оффшорға қаражат аудару үшін оңтайлы тәсімге айналып арады - Г. Қарағұсова

1 906 просмотра

Кедендік одақ аумағы оффшорға қаражат аудару үшін оңтайлы тәсімге айналып барады. Өйткені, Кедендік одаққа қатысушы-мемлекеттер аумағында шекаралық бақылаудың болмауы осыған жағдай жасап отыр. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы, депутат Гүлжан Қарағұсова мәлім етті.

«Сондықтан да, дәл осы олқы тұсты пайдаланатын жалған экспортшыларды бақылау аса қиынға соғып тұрғаны айқын. Сондықтан да, бүгінгі таңда мемлекетүстілік деңгейде, оның ішінде Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы кедендік органдардың ақпараттық өзара әрекеттесуі қажеттігі аса өзектіге айналып барады. Ал мұндай өзара байланыстың болмауы тауарлар декларациясының сапасына да, шекарадағы тауарды рәсімдеуге кететін уақыттың созылуына да әсер етпей қоймайды», - дейді Г. Қарағұсова.

Сондай-ақ депутат Ресей ДСҰ мүшелігіне қатысты мойнына алған міндеттерге сай кедендік тарифтерді реттейтінін еске сала келе, Қазақстанның да ДСҰ табалдырығында тұрғанын жеткізді. «Ал бұл бағытта кедендік рәсімдеулер барысында алаяқтыққа жол бермеу үшін, бірыңғай тауарлар тобына мөлшерлемені біріздендіруге мұқият назар аудару қажет», - деді депутат.

Дереккөз: ҚазАқпарат

23 қыркүйек 2013, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.