Атырау, 22 наурыз 02:08
 ашықВ Атырау +12
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Алматы-2 вокзалының ғимараты санитарлық нормаларды сақтамағандықтан жабылады

1 453 просмотра

«Алматы-2» теміржол вокзалының ғимараты 2010 жылы анықталған санитарлық нормаларды бұзу салдарынан жабылады, деп хабарлайды Алматы қаласы Сот актілерін орындау департаментінің баспасөз қызметі.

Таратылған хабарламаға сәйкес, департамент қызметкерлері 25 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 11.00 –де вокзал ғимаратының есіктерін жабады.

Баспасөз хабарламасында айтылғандай, оңтүстік –шығыс өңіраралық темір жол көлігіндегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің тексерісі кезінде «Вокзал Сервис» АҚ –қа 2010 жылғы тамызда  вокзалда анықталған санитарлық нормаларды бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілген болатын. Алайда бұзушылықтар  осы уақытқа дейін жойылмаған.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

20 қыркүйек 2013, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.