Атырау, 24 қараша 07:01
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Маңғыстау облысында рельстен вагон шығып кетіп, салдарынан 7 пойыз уақытынан кешікті

13 701 просмотра
Көрнекі суретКөрнекі суретМаңғыстау облысында Сай-Өтес-Бейнеу теміржол стансасы учаскесінің № 5 разъезінде кеше сағат 04:20-да 58 вагоннан құралған № 2205 жүк пойызының бір вагоны рельстен шығып кетті, деп хабарлады ҚР ТЖМ.

Теміржол төсеміне зақым келген жоқ. Аталған оқиғаның салдарынан 3 жолаушылар пойызы мен 4 жүк пойызы: 1. № 377 Маңғышлақ- Алматы бағдарындағы пойыз 4 сағат 40 минутқа; 2. № 313 Атырау -Маңғышлақ пойызы 3 сағат 08 минутқа; 3. № 378 Алматы - Маңғышлақ пойызы 2 сағат 13 минутқа; 4. № 2508 жүк пойызы 4 сағат 03 минутқа; 5. № 2502 жүк пойызы 4 сағат 57 минутқа; 6. № 2507 жүк пойызы 4 сағат 30 минутқа; 7. № 2509 жүк пойызы 5 сағат 05 минутқа кешіктірілді.

07:40-та пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді. Оқиға орнына 15 адам мен «ҚТЖ» ҰК Бейнеу стансасынан қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 қыркүйек 2013, 08:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.