
Атырау облысына биылғы жылдың қаңтар–қыркүйек айлаы аралығында 1,065 триллион теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Есепті кезеңде өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң динамика көрсетті. 6 негізгі сала бойынша өсім тіркелді: өнеркәсіп көлемі 17,6%-ға, тау-кен өндірісі 19,2%-ға, көлік және қоймалау 19,1%-ға, сауда 8,6%-ға, ауыл шаруашылығы 8,5%-ға, өңдеу өнеркәсібі 2,4%-ға артқан.
“Теңізшевройл” ЖШС-нің Болашақ кеңейту жобасы аяқталғанына қарамастан, негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі жоғары деңгейде сақталды. Мұнай-газ химиясы саласында жалпы құны 6,8 триллион теңге болатын 11 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда, бұл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Тұрғын үй құрылысы саласында 9 айда 475,8 мың шаршы метр үй пайдалануға беріліп, бұл өткен жылдың деңгейінің 99,3%-ын құрады. Жыл соңына дейін қосымша 280 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарланып отыр. Байланыс қызметтері саласында көрсетілген қызмет көлемі 13,8 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 99,4% болды.
Серік Шәпкенов жыл соңына дейін жоспарланған барлық мақсаттарға жету үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.
В Атырау +4