Атырау, 5 желтоқсан 07:42
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Грузияда митинг өткізу ережелерін бұзғаны үшін жазалау қатаңдайды

238 рет қаралды
Сурет: YouTube/ Sergei Chichinadze

Грузияда митингтер, шерулер, демонстрациялар мен акцияларды өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік күшейтіледі, деп хабарлады Коммерсантъ.

Бұл өзгерістерге «Грузин арманы» партиясы 4 қазанда митинг қатысушылары президент сарайын басып алмақ болған әрекеттен кейін шешім қабылдады.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, митингке қатысушыларға бетті маскамен жабуға тыйым салынады. Егер бірінші рет бұл ереже бұзылса немесе митинг кезінде көз жасаурататын газ, улы заттар, жолды бөгеп немесе уақытша құрылыс тұрғызу фактілері анықталса, 15 күнге дейін қамауға алу қарастырылған. Ал егер бұзушы акция ұйымдастырушы болса – 20 күнге дейін қамауға алу белгіленеді.

Полицейлердің ескертуінен кейін митингке қатысу немесе қауіпті заттар мен пиротехника қолдану 60 күнге дейін әкімшілік қамауға алып келуі мүмкін. Қайталанған бұзушылықтар қылмыстық кодекс бойынша бір жылға дейін түрме жазасына, үшінші және одан кейінгі бұзушылықтар – 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі.

Сонымен қатар, қылмыстық кодексқа жаңа бап енгізіліп, құқық қорғау қызметкерін қорлау немесе оның заңды бұйрығына бағынбағаны үшін үшінші рет құқық бұзған адам бір жылға дейін, ал рецидиві болса – екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

14 қазан, 14:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.