Атырау, 5 желтоқсан 07:31
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау сауда өсіміне елеулі үлес қосты

338 рет қаралды

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 14 қазандағы Үкімет отырысында биылғы жылдың алғашқы 9 айындағы сауда саласының негізгі көрсеткіштерін жариялады.

Министрдің мәліметінше, сауда саласының нақты көлем индексі 108,8%-ға жетіп, номиналды түрде 52,8 трлн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,5% жоғары. Сауда өсіміне ең көп үлес қосқан өңірлер — Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен Атырау және Қарағанды облыстары. Аталған бес өңірдің үлесіне жалпы сауда көлемінің 71,3%-ы немесе 37,6 трлн теңге тиесілі.

Көтерме сауда көлемі 35 трлн теңгеден асып, өткен жылмен салыстырғанда 9,6% артты. Өсімге негізгі үлес шикізаттық емес тұтыну тауарлары мен өндірістік-техникалық тауарлардан түсті, олардың үлесі шамамен 82%-ды құрайды.

Бөлшек сауда да тұрақты өсім көрсетіп отыр. Оның нақты көлем индексі 107,1%, айналымы 17,5 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 трлн теңгеге артты. Өңірлер бойынша бөлшек сауда айналымы бойынша алғашқы үштікке Алматы (32,8%), Астана (14%) және Қарағанды облысы (7,3%) кірді.

Сонымен қатар, электрондық сауда көлемі де өсіп, алғашқы 9 айда 2,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға көп.

14 қазан, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.