Атырау, 24 қараша 06:37
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Бұрынғы депутат Сыздықова мен БҒМ бұрынғы вице-министрі «Нұр Отан» партиясынан шығарылды

1 868 просмотра

Бұрынғы депутат Бақыт Сыздықова мен БҒМ бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметов  «Нұр Отан» партиясынан шығарылды, деп хабарланады әлеуметтік желідегі партияның парақшасында.

«2013 жылғы 18 қыркүйекте «Нұр Отан» партияның Астана қалалық филиалында партиялық бақылау комиссиясы мен филиалдың саяси кеңесі саяси бюросының бірлескен отырысы өтті. Отырыс барысында «Нұр Отан» партиясы мүшелігінен. Бұрынғы депутат Бақыт Сыздықова мен БҒМ бұрынғы вице-министрі Саят Шаяхметовты шығару туралы мәселе талқыланды», - делінген хабарламада.

Сыздықованы жастар қоғамдық ұйымына бөлінген 7 миллион теңгені қайтармағаны және партияның ішкі тәртібін сақтамағаны үшін шығарған.«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Дәулеткерей Рахметуллиннің айтуынша, ««Нұр Отан» Бақыт Сыздықова басқаратын жастар ұйымына 7 миллон теңге көлемінде қаржылай көмек береді. Келісімшарт бойынша Сыздықова ақшаны 2009 жылдың 1 қаңтарында қайтаруға тиіс болады. Алайда, келісімшарт міндеттемесін ол уақытында орындамаған. Қазір қарыз өсімпұлымен бірге 15 миллион теңгеге жеткен.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

18 қыркүйек 2013, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.