Атырау, 29 қараша 13:19
 ашықВ Атырау +2
$ 459.04
€ 502.92
₽ 5.18

«Барахолкадағы» бейберекетсіздіктің салдарынан өрт кеш сөндірілді – В. Божко

1 767 просмотра

«Барахолкадағы» бейберекетсіздіктен өрт кеш сөндірілді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР ТЖМ басшысы В.Божко айтты.

«Барахолкадағы» бейберекетсіздік өртті кеш сөндіруге себеп болды. Біз бірнеше рет сот шешімімен базар жұмысын тоқтатқанымызбен бұл мырзалар (саудагерлер) бас көтеріп, қала басшылығын базарды жаппауға мәжбүрледі. Енді міне өздері өрт қауіпсіздіген сақтамады, кептелістегі көліктерден өрт сөндіру техникасы діттеген жеріне жете де алмайды, су да жоқ»,-деді Владимир Божко.

Естеріңізге саламыз, Алматыда 13-ші қыркүйек күні аяқ киім сататын «Аян» базары жалынға оранған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 130-дан астам өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Өрт тек келесі күні таңертең толық өшірілді, келтірілген шығын көлемі әлі белгісіз.

Дереккөз: bnews.kz

18 қыркүйек 2013, 10:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.