Атырау, 30 қыркүйек 11:34
 бұлттыВ Атырау +24
$ 474.47
€ 503.51
₽ 4.88

Алматы мектептерінің бірінде 50-ге жуық оқушы уланып қалды

1 979 просмотра

Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған №173 мектеп-лицейінің 48 оқушысы астан уланып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Олардың 28-і ауруханаға жатқызылған.

«Уланғандардың  барлығы – бастауыш сынып оқушылары. Олардың дені ішек инфекциясы белгілерімен түсті. Өздері әртүрлі тағам қолданғандарын айтады. Мәселенің анық-қанығын санэпидемиологтар анықтайтын болады», - деді  жұқпалы аурулар балалар емханасының бас дәрігері Ержан Әліби.

Әзірге оқиғаға байланысты аталмыш оқу ордасы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда, мектеп қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының тексерісіне байланысты уақытша жабылған.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

17 қыркүйек 2013, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.