Атырау, 24 қараша 05:02
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда ұсталған лаңкестік топтың арасында Қазақстан азаматы да бар

5 675 просмотра
Қырғызстанда «Сириядан өткен террористер» деген күдікпен ұсталған топтың арасында Қазақстан азаматы да бар. Бұл туралы ақпаратты Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан.

Арнайы қызметтің мәліметінде «Ислам жихады одағы» деп аталатын күдікті топтың тамыз айының соңында, Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының Бішкектегі саммиті қарсаңында, Ош облысында қолға түскені айтылған.

«Сириядан Қырғызстанға террористік-диверсиялық акцияларды іске асыру мақсатымен жіберілген топтың құрамында Қазақстан Республикасының бір азаматы мен Ош облысында туып-өскен Қырғыз Республикасының екі азаматы болған, олар Сирияда террорлық құрама қатарында үкімет күшіне қарсы әскери іс-қимылдарға қатысқан», делінген Қырғызстан арнайы қызметінің ақпаратында.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті «бұл топ мүшелерінің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша жүргізілген тергеу барысында оларды террорлық ұйымдардың басшылары мен идеологтары Бішкек және Ош қалаларында шу туғызатын террорлық акциялар жасау мақсатымен Сириядан Қырғызстанға арнайы жібергені анықталды» деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 қыркүйек 2013, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.