Атырау, 24 қараша 05:06
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сириядағы жағдайды бейбіт реттеу мүмкіндіктері біткен жоқ

1 856 просмотра

Сириядағы жағдайды бейбіт реттеу мүмкіндіктері біткен жоқ деп мәлімдеді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмада Бішкектегі ШЫҰ саммиті кезінде.

"Қазақстан Сириядан түскен химиялық қаруды пайдалану туралы хабарламаларға байланысты қатты алаңдайтынын білдіреді.Сириядағы жағдайды бейбіт реттеу мүмкіндіктері біткен жоқ деп сенемін", -деп келтіреді  РИА Новости Қазақстан президентінің сөздерін.

Назарбаев Ресей Федерациясы президентінің Сирияның химиялық қаруын халықаралық бақылауға беру туралы ұсынысын қолдады.

"Бұл проблеманың бейбіт жолмен шешілуін  мүмкін деп есептеймін және бұдан бүкіл әлем ұтады ", -деді ол.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

13 қыркүйек 2013, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.