Атырау, 26 желтоқсан 16:24
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қазақстан-Қытай шекарасында өрт болды

4 601 просмотра

Қытаймен шекаралас Үржар ауданында Мақаншы шекара отрядының «Тасты» шекара бекетіне жақын жерде құрғақ шөпке найзағай түсіп, өрт шықты, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.

Қатты желдің салдарынан тілсіз жау шығыс бағытқа қарай жайылып ені 15 шақырымға жетті.

Өртті сөндіру үшін ШҚО Үржар ауданына қарайтын ҚР ТЖМ бөлімшелеріне хабар берілді. Көмек келіп жеткенше шекара отряды тілсіз жауды ауыздықтауға кірісті. Өртті сөндіруге ҚР ҰҚК ШҚ-ның 20 техникасы, сонымен қатар ТЖМ Мақаншы ауылы өртке қарсы қызметінің үш адамы мен бір өрт сөндіру көлігі жұмылдырылды. Аудандық әкімдікке хабарлама бергеннен кейін, жергілікті тұрғындардан құралған ерікті топ та көмекке келді.

Таңғы сағат алты кезінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 қыркүйек 2013, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.