Атырау, 29 наурыз 17:40
 ашықВ Атырау +15
$ 455.00
€ 492.13
₽ 5.94

Астанада, Алматыда және облыс орталықтарында мүлікке салық көтеріледі

2 420 просмотра

АСТАНА, 12 қыр –Қазақстан жаңалықтары АА. Астана мен Алматы үшін тұрғын үйдің бір шаршы метріне бағаны екі есеге-60 мың теңгеге дейін, облыс орталықтары үшін 36 мың теңгеге дейін көтеру ұсынылады, деп мәлімдеді бейсенбіде мәжілісте салық салу заңнамасына толықтырулар енгізудің таныстырылымында Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

"Басқа елді мекендер үшін баға сол қалпында өзгеріссіз қалады ", -деді ол. Досаев аудандық мағынадағы қалаларда, кенттерде, ауылдарда өзгеріс болмайтынын атап айтты.

Алматы мен Астана қалаларында қазіргі баға бір шаршы метр үшін 30 мың теңгені, облыс орталықтарында  18 мың теңгені құрайды.

Дереккөз: newskaz.kz

12 қыркүйек 2013, 12:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.