Атырау, 5 желтоқсан 23:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қыруар қаржыға​ «орташа» жөндеу: Атырау – Индер жолы тексерілді

809 рет қаралды

Ресми түрде бұл жұмыстар «орташа жөндеу» деп аталады. Бірақ бөлінген ақша мүлде орташа емес – 50 шақырымға 5 миллиард 666 миллион теңге қаралған. Яғни бір шақырым жолдың құны шамамен 112 миллион теңгеге шығады.

Соған қарамастан мердігер жұмысын дұрыс атқара алмады. Белгілі болғандай, Атырау облысының МСҚБ басқармасы Атырау – Индер жолының 117–167 шақырымындағы жұмыстар үшін бас мердігер «Теміржол Құрылыс-Атырау» ЖШС-не және техникалық қадағалау жүргізген Engineering Services компаниясына айыппұл салды. Бас мердігер құрылыс нормаларын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Ал қадағалаушы компания өз жұмысына салғырт қарағаны үшін жазаланды.

Айта кетсек, мердігер жұмысты 25 шақырым асфальтты алып тастаудан бастаған. Бірақ әрі қарай жалғастыра алмай, халықты жолсыз қалдырды. Соған қарамастан компанияның шотына 1,9 миллиард теңге аударылып қойған. Бұған наразы болған Индер ауданының тұрғындары екі рет жл бойына шығып, «егер жағдай өзгермесе, митингке шығып, жолды жабамыз» деп мәлімдеді.

Адамдардың ашуланатын жөні бар. Өйткені 2024 жылғы мамырда 27-шақырымда жол төсемі опырылып, жол апаты болды. Сол кезде себебін газ құбырының жанындағы жердің шайылуымен түсіндірді. Ал құрылыс жүрген уақыт бойы жүргізушілер көліктерінің астын соғып, жол апатына жиі тап болады. Соңғы апат биылғы 29 тамызда болды. Жөнделіп жатқан жол учаскесінде 24 жастағы әйел қаза тауып, жеті адам, соның ішінде балалар, ауруханаға түскен еді.

Егер айыппұлдар адамдарды тірілтіп бере алса ғой….

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

3 қыркүйек, 14:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.