Атырау, 5 желтоқсан 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Береке ықшамауданының тұрғындары сарқынды суларды жоюды талап етіп отыр

Бейнежазба
610 рет қаралды

Атыраудағы Береке ықшам ауданының тұрғындары аулаларында жиналып қалған сарқынды сулардың иісіне шағымдануда.

Тұрғындардың айтуынша, шалшық су №56 үйден бастап №25 үйдің артына дейін жайылып, бүкіл аула аумағын басып қалған. Әсіресе, лас сулардың №42 мектептің жанынан өтуі ерекше алаңдаушылық туғызуда. Ата-аналардың айтуынша, балалар күн сайын мектепке осы шалшықтың арасымен өтіп баруға мәжбүр.

«Терезені ашу мүмкін емес — иісі сұмдық. Балалар мектепке балшық кешіп барады», — дейді тұрғындар.

Тұрғындардың сөзінше, бұл жағдай тек бір ықшам ауданның тұрмысын қиындатып қана қоймай, санитарлық қауіпсіздікке қатер төндіруде.

Олар коммуналдық қызметтердің шұғыл әрекет етуін талап етуде. Ал қала әкімдігі қысқа ғана жауап берді: «Қазір тексеріп, мәселені шешеміз», – делінген «Ақ Жайық» сауалына берілген жауапта.

 Айгүл МАНСУРОВА

«Ақ Жайық» оқырмандары жолдаған суреттер мен видео

3 қыркүйек, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.