Атырау, 2 мамыр 12:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Атыраудағы балалар төбелесі: ата-аналар жауапкершілікке тартылады

697 рет қаралды

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада облыс орталығындағы бір аулада төрт баланың төбелесі түсіп қалған. Қыз бен ұл балалар күш сынаспақ болған, алайда жанжалға ата-аналары араласып, қақтығысты тоқтатты.

Полиция департаментінің хабарлауынша, жасы 6-8 аралығындағы барлық кәмелетке толмағандар анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Балаларға медициналық көмек қажет болмаған.

Ата-аналарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Оларға «балаларды дұрыс тәрбиелемеу» бабы бойынша хаттама толтырылды, енді шешімді сот шығарады. Отбасылар полиция бақылауына алынды.

3 қыркүйек 2025, 00:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.