Атырау, 5 желтоқсан 23:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда тікелей Астраханьға қатынайтын автобус рейсі тоқтады

556 рет қаралды

Атырау – Астрахань халықаралық бағыты уақытша тоқтатылды. Оған «МаВатранс» ЖШС қызмет көрсетіп келген, алайда компания рейске шығудан бас тартты.

Бұл бағыт әсіресе студенттер мен зейнеткерлер арасында сұранысқа ие еді — олар үшін автобус көрші облысқа барудың ең қолжетімді жолы болатын. Енді тұрғындар амалын тауып, бірі таксимен барса, енді бірі өз көлігімен жолға шығуға мәжбүр.

Облыстық жолаушылар көлігі басқармасындағылардың айтуынша, қозғалысты қайта жандандыру туралы Көлік министрлігіне хаттар жолданған. Енді шешім Автомобиль көлігі комитетіне байланысты болмақ.

Тікелей автобус қатынасы тоқтап тұр, дегенмен қала маңындағы 60 шақырымды есептемегенде жол қазір тегіс.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

2 қыркүйек, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.