Мәжіліс дептуаттары Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының арасындағы «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырын пайдалану және дамыту кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімді ратификациялады деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Құжаттық келісім бойынша, мұнай құбыры арқылы қазақстандық мұнайды экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтердің тарифі мұнай құбыры жүйесіне кіру нүктесіне қарамастан, бірыңғай болып табылады және мұнай тасымалдау бағытының ұзақтығы есепке алынбай белгіленеді»,-деді Қазақстанның мұнай және газ министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов сәрсенбіде мәжілісте заң жобасын таныстыру кезінде.
Сонымен бірге қазақстандық нарыққа мұнай беру тарифі экспорт тарифінен аспауға тиіс.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.