ХҒС экипажының үш ғарышкері бар «Союз ТМА-08М» басқарылатын көлік кемесінің жерге қонушы аппараты Мәскеу уақыты бойынша сағат 06:58-де қазақ даласына сәтті қонды, деп хабарлайды Вести.
Жерге қайта оралған ғарышкерлер Павел Виноградов пен Александр Мисуркин, сондай-ақ НАСА астронавты Кристофер Кэссиди Жер орбитасында 165 тәуліктен аса уақыт жұмыс істеді. Қазіргі уақытта ХҒС бортындағы ғарыш вахтасында ресейлік Федор Юрчихин, италиялық Лука Пармитано және америкалық азаматша Карен Найберг қалды. Құрамында Олег Котов, Сергей Рязанский және Майкл Хопкинс бар ХҒС-ның келесі экипажы 26 қыркүйекте «Союз ТМА-10М» кемесінде станцияға сапар шегеді.
Дереккөз: bnews.kz