Атырау, 5 желтоқсан 15:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраулық блогер үш жылға сотталды

613 рет қаралды
ChatGPT жасаған сурет

Атыраудағы №2 қалалық сот Takitok деген атпен танымал жергілікті блогерге үкім шығарды. Ол әлеуметтік желіде тұрмыстық техника, әшекей бұйымдар және көпбалалы отбасыларға көмек беруге уәде етіп, онлайн-ойындар мен акциялар ұйымдастырған.

Алайда қатысушылардан ақша аударуды талап еткеніне қарамастан, уәде етілген сыйлықтарды ешкім алмаған. Тергеу барысында 68 жәбірленуші анықталды, залал көлемі бірнеше мыңнан жүздеген мың теңгеге дейін жеткен.

Сот әйелді ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі («Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») бойынша кінәлі деп танып, 3 жыл 1 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бұдан бөлек, оған 5 жылға дейін қоғамдық қызметпен айналысуға және интернет-ресурстарды пайдалануға тыйым салынды. Бұл — түрмеден шыққан соң да ол әлеуметтік желіде парақша жүргізе алмайтынын және қоғамдық жобаларға қатыса алмайтынын білдіреді.

Айгүл МАНСУРОВА

27 тамыз, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.