Атырау, 5 желтоқсан 08:02
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құлсарының қызын зорлап, өлтіріп кетуге қатысты іс сотқа жетті

1 128 рет қаралды

Сотталушы ретінде Жылыой ауданының 35 жастағы тұрғыны жауапқа тартылып жатыр.

Қайғылы оқиға осы жылдың 5 маусымында болған. Қыз аулада достарымен ойнауға шыққан, бірақ кейін Құрсай өзенінің маңынан оның сүйегі табылды. Тергеу барысында ер адамның мас күйде қызды зорлағаны анықталды. Қылмыстың ізін жасыру үшін ол қызды өлтіріп, денесін өзенге ағызып жіберген. Кейін өзі танысының ауласында ұйықтап қалған.

Сот-медициналық сараптама қыздың сүйегінен соққы мен жыныстық зорлық-зомбылық белгілерін тіркеді. Айыпталушының әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы бойынша сараланды: 120-бап 4-бөлігі ("Кәмелетке толмағанды зорлау") және 99-бап 3-бөлігі ("Кәмелетке толмаған баланы өлтіру").

Сот процесі Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтеді. Істі судья Зарема Каримовна Хамидуллина жүргізеді. Ол Атырау облысындағы ең шулы және резонансты істерді қарайды.

Айгүл МАНСУРОВА

26 тамыз, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.