Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруде баламасы жоқ деп мәлімдеді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
«Мен әлемнің болашақ даму моделінде Қазақстан лайықты орын алатындығына әрі әлемнің перспективалы ұлттарының топ-парағына енетіндігіне сенімдімін (...) Егер біз дамыған мемлекет болғымыз келсе, бізде балама жоқ », - деді Назарбаев «Еуразия ХХІ ғасырда: Жаңару арқылы жетекшілік» тақырыбында дамушы нарықтардың екінші Еуразиялық форумының отырысында.
«Толықтай алғанда көптеген эксперттердің пайымынша, Қазақстан жүзжылдықтың ортасына дейін жоспарланған болашақтағы қуатты жетістікке шынайы үміткер бола алатын әлемдегі аз мемлекеттердің бірі болып саналады. Біз алдымызға дамудың нақты міндетін қойдық, стратегиялық жоспарлауда, алға қойылған тапсырмаларды шешуде мол тәжірибеге иеміз», - деп қосты ол.
Дерекөз: Қазақстан жаңалықтары АА.