Атырау, 13 қараша 10:51
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Қашаған кен орнынан мұнай өндіріле бастады

2 290 просмотра
Мұнай өндіру 9 қыркүйек күні басталатыны туралы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің құрылтайшылық отырысынан кейін «ҚазМұнайГаз» ҰК Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев БАҚ өкілдеріне мәлім еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Атырау облысына сапарлаған ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин аталған жобаның даярлығы 98 пайызды құрайтындығын атап өткен еді. «Мұнай жөнелтілетін аралдардың даярлығы жағдайын қарап көрдік. Өндіруді қазанда бастауға үміт бар. Бұдан бұрын болса, тіпті жақсы. Соның барлығын тоғыстырып, жіті жұмыс жасау, ешбір қателіктерге ұрынбай, бірде-бір рет те мұнай ағып кетуін болдырмауымыз қажет. Сондықтан да жауапкершілік өте жоғары. Асығыстыққа жол бермеу қажет. Сонымен бірге мердігерлердің де өте белсенді жұмыс жасап жатқанын көріп отырмыз. Жабдықтарды сынақтан өткізу нәтижелері көңілге сенім ұялатады. Биылғы жыл біз үшін табысты болады, деген сенім бар», - деген еді Ұ. Қарабалин.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 қыркүйек 2013, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.