Атырау, 11 желтоқсан 02:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Қостанай қалалық сотының судьялары пара алды деп күдіктелуде

2 978 просмотра

АСТАНА, 9 қыр –Қазақстан жаңалықтары АА. Қостанай қалалық сотының судьяларына қатысты жаңа қылмыстық істер қозғалды деп хабарлайды қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Қаржы полициясы агенттігі 2013 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен Қостанай қаласы сотының төрағасы С. Мұхтаровқа қатысты азаматтық іс бойынша талапкерден керекті шешімді шығару үшін делдал арқылы 200 мың теңге пара алу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеуін жалғастыруда.

Сонымен бірге 2013 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен Қостанай қаласы сотының судьясы С. Қашқынбаевқа қатысты Ю. деген азаматтан азаматтық істі оның пайдасына шешуі үшін делдал арқылы 300 мың теңге пара алу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс те тергелуде.

«Одан бөлек, ағымдағы жылғы 2 қыркүйекте аталған судьялаға қатысты Қаржы полициясы агенттігінің тергеу алды материалдарының негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуроры қосымша екі қылмыстық іс қозғады. Мәселен, Қостанай қаласы сотының төрағасы Мұхтаровқа азаматтық іс бойынша жағымды шешім қабылдау үшін пара ретінде 130 мың теңгені алды деген күдік тағылуда. Ал Қостанай қаласы сотының судьясы Қашқынбаевқа азаматық іс бойынша керекті шешім шығару үшін 1 мың АҚШ долларын алды деген күдік тағылуда»,-делінген хабарламада.

Мұхтаров пен Қашқынбаевтан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.

Қылмыстық істер тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

Дереккөз: newskaz.kz

9 қыркүйек 2013, 13:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.