Атырау, 24 қараша 05:56
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Трансшекаралық өзендер мәселесі шешімін тапты

4 738 просмотра

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі мейманмен шағын және кеңейтілген құрамда бірнеше келіссөз өткізді.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіптік және мәдени қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады. Нәтижесінде бірқатарекіжақтықұжаттарғақолқойылды. Қорғас өзеніндегі «Достық» су торабын бұдан былай Қазақстан мен Қытай  бірлесіп пайдаланады. Екі елдің басшылары осындай келісімге келді. Сондай-ақ,алдағы уақыттаелімізде мұнай өңдеу зауыты салынады. Бұл ретте Қытаймен әріптестіктің Қазақстан үшін маңызы зор. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Тәуелсіздік жылдарында көршімізбен, біріншіден, шекара мәселесін шештік. Екіншіден, біз екі арадағы транспорт жүйесін қарастырдық. Стратегиялық әріптестікке қол қойдық. Осы жылдар аралығында екі елдің сауда айналымы 25 млрд. АҚШ долларына жетті.

Қытай елімізге ең көп инвестиция салған мемлекеттердің үштігіне кіреді. Осы уақытқа дейін аспан асты елі Қазақстанға 20 млрд. АҚШ долларын құйған. Екі ел арасындағы сауда айналымы да жыл санап артып келеді. Мәселен, биылғы 6 айда сауда көлемі 10 млрд. АҚШ долларынан асты. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті Мемлекет басшысы 40 миллиардқа жеткізу қажеттігін алға тартты. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Қытай Халық Республикасы бізге Тынық мұхитқа жол ашып беріп отыр. Осылайша Тынық мұхит елдерінің тауарлары Қазақстан арқылы Еуропаға жеткізіледі. Бұл екі ел әріптестігінің жаңа кезеңі болып табылады. 

Екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруға «Алтынкөл-Қорғас», «Достық-Алашанькоу»теміржол торабы да септігін тигізуде. Өткен жылы теміржол арқылы жүк тасымалы 16 млн.тоннадан асқан. 

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының Төрағасы:

- Мен әріптесім Нұрсұлтан Назарбаев секілді екі ел арасындағы сауда айналымын 40 миллиард долларға жеткізу мүмкін деп санаймын. Алтрансшекаралық өзендер мәселесі өз шешімін тапты. Енді ол достық өзені болады.

Шекара аумағы 1700 шақырымды құрайтын Қазақстанмен Қытай елі арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың негізі 1992 жылы қаланған. Содан бері тараптар сауда-экономикалық ықпалдастықты арттырыпқана қоймай, сонымен қатар мәдени-гуманитарлық салада да ынтымақтастық орнатуда.

Дереккөз: 24.kz

9 қыркүйек 2013, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.