Қазақстан Кинематографистер одағы төңірегінде жанжал ушығып барады. Ұжымның 70 пайызы одақтың басшысы Игорь Вовнянконың қызметінен кетуін талап етуде.
Олай етпесе, гей клубқа айналып бара жатқан Шәкен Аймановтың үйі құрдымға кетуі мүмкін. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз жиынында одақ мүшелері мәлім етті.
Зиялы қауым өкілдерінің айтуынша, Вовнянко бұл орында заңсыз отыр.
Себебі соңғы сайлауда ол қажетті дауыс ала алмаған. Жарғыда көрсетілген пункттерге құлақ аспай, орнында жайбарақат отыр.
Тіпті ол тізгінді ұстаған уақытта шаһардағы кино үйі өз мақсатында пайдаланылудан қалды. Ол аздай, гей-клубқа жалға берілген көрінеді. Бұл мәселеге одақ мүшелері алаңдап отыр.
Болат Шәріп, режиссер:
- Жүргенов атындағы академия бар емес пе? Келген адамдарды шақырып, соның кішкентай бөлмесінде мастер-класс өткіземіз.
Неге оны біз сонда шақырамыз? Дұрыс онда студенттер бар. Бірақ, кино үйіне неге шақырмаймыз? «Дом кино» деген аты да заты да бар емес пе?
Осы 8 жылдың ішінде бірде-бір премьера, бірде-бір кездесу болған жоқ жастармен. Ұлттық киноның рухын қайтару керек. Ал ол жерде оның иісі де жоқ.
Дереккөз: kaztrk.kz
5 қыркүйек 2013, 14:43