Атырау, 29 наурыз 17:26
 ашықВ Атырау +15
$ 455.00
€ 492.13
₽ 5.94

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

1 268 просмотра

АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Аты шулы GGGлақап атпен әлемге танымал боксшымыз Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды alaman.kz.

Жерлесіміз АҚШ-тың 28 жастағы боксшысы Кертис Стивенспен қолғап түйістірмек. Геннадий атағы бойынша WBAсериясын 9-рет, IBO6-рет қорғайын деп отыр. Өз сөзінде Генадий Кертис Стивенсті танымайтынын айтқан.

Кертис Стивенс 28 жекпе-жек өткізген. Оның 25-ін жеңіп, қарсыластарын 18 нокаутпен ұтқан, ал 3 рет жеңілген.

Геннадий 27 жекпе-жек өткізген. Оның 27-сін жеңіп, қарсыластарын 24 нокаутпен ұтқан, ешкімге жеңілмеген.

Жекпе-жек 2 қараша күні АҚШ-тың Мэдисон Сквер Гарден аренасында, Нью-Йорк қаласында өтпек. Осы кездесуге орай, екі спортшының қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Дереккөз: inform.kz

5 қыркүйек 2013, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.