Атырау, 11 желтоқсан 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

ҚТЖ-ның Теміржол әскери күзетінің вице президенті Шыныбеков 8 жылға сотталды

1 810 просмотра
АСТАНА, 4 қыр – Қазақстан жаңалықтары АА. Аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты ұрлаған «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының Теміржол әскери күзетінің лауазымды тұлғалары сотталды, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметі.

«Бірінші сатыдағы сотпен мүлкін тәркілеумен 8 жылға бас бостандығынан айыруға «Теміржол әскери күзеті» АҚ экономика және қаржы бойыншавице-президенті Шыныбеков,«Теміржол әскери күзеті» АҚ Семей филиалының бөлім бастығы Сахариев, есепшілері: Кенжин мен Төрегелдинова сотталды», - делінген хабарламада.

Аталған филиалдың бас есепшісі Аленова 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржы полициясы олардың 2006-2012 жылдар аралығында еңбек төлемі қорын арттыру жолымен кәсіпорынның 236,4 млн.теңгесін ұрлағандығын дәлелдеді.

Оған қоса тексеріс нәтижесінде қаржы полициясы органдарымен «Теміржол әскери күзеті» АҚ өзге де аумақтық филиалдарында бюджет қаражатын ұрлау фактілері анықтады. Олар бойынша қылмыстық істер қозғалып тергелуде.

Мәселен, Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті «Теміржол әскери күзеті» АҚ Алматы қаласындағы филиалының есепшілеріне қатысты кәсіпорынның 4 млн.теңгесін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қарағанды облысы бойынша қаржы полициясы департаменті «Теміржол әскери күзеті» АҚ Қарағанды қаласындағы филиалының лауазымды тұлғаларына қатысты кәсіпорынның 400 мың теңгеден астам ақшалай қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. 

Дереккөз: newskaz.kz

 
5 қыркүйек 2013, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.