Атырау, 24 қараша 06:03
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік рейтінгісінде ТОП-50 қатарына енді

1 834 просмотра
АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) 30 жыл қатарынан жарияланып келе жатқан әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің рейтингісін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат БЭФ ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан биыл өткен жылмен салыстырғанда өз позициясын жақсартып, 51-орыннан 50-орынға көтерілді.

Берілген есепте Қазақстанның «икемді және тиімді еңбек нарығы (15-орын) мен тұрақты макроэкономикалық климаты (23-орын)» атап өтіледі, өзге елдер бұл салаларда аздап қиындықтарды бастан кешіріп отыр. Денсаулық сақтау мен бастауыш білім беру (97-орын), кәсіпкерлікті дамыту (94-орын) және инновация саласы (84-орын) БЭФ сарапшыларымен проблемалы салалар ретінде қарастырылуда.

Келтірілген есепке сай, Швейцария бұрынғыша ең бәсекеге қабілетті ел ретінде рейтингтің көш басында. АҚШ рейтингтің жетінші орнынан бесіншіге көтерілді. Тоғызыншы орынға биыл Жапония орналасты. Сонымен қатар, алғашқы ондыққа Сингапур, Финляндия, Германия, Швеция, Нидерланды, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі енді.

Дереккөз: inform.kz

4 қыркүйек 2013, 20:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.