Атырау, 24 қараша 06:09
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мәжіліс үшжылдық бюджет туралы заң жобасына қазанның 23-іне дейін қорытынды шығарады

2 924 просмотра
Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына қазанның 23-іне дейін қорытынды шығару туралы қаулы қабылдады.
 
Еске сала кетсек, Үкімет бекіткен үш жылдық бюджет жобасы ағымдағы жылдың 31 тамызында Парламентке келіп түскен. Қаржы құжатының параметрлері негізінен еліміздің 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарына, Мемлекет басшысының былтырғы жылғы Жолдауында жүктелген тапсырмаларына сәйкес әзірленген.

«Үш жылдық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша, экономиканың нақты өсімі 6-7 пайыз аралығында болжанады. Аталған кезеңдегі жылдық инфляция 6-8 пайыз дәлізінде ұсталады. Ал келер жылға арналған кірістер мөлшері 4 трлн. 16,4 млрд теңге шамасында айқындалып отыр», дейді депутат Гүлжан Қарағұсова.

Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті үш жылдық заң жобасына 23 қазанға дейін қорытынды шығару туралы ұсыныс жасап, оны палата депутаттары қолдады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

4 қыркүйек 2013, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.