Астана. 3 қыркүйек. Baq.kz – Алматыда қазақ тілінде сөйлеңіз дегені үшін «Жұлдыздар отбасы – Аңыз Адам» журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай сотталды. Журнал редакторы жазасын бүгіннен бастап өтейтін болды.
Қалыбайдың ұсталғаны туралы ақпаратты әйгілі саясаттанушы Расул Жұмалы өзінің Facebook парақшасында жариялады. Былай деп жазады Жұмалы: «Жарылқап Қалыбай Қазақстанның ұлттық әуе компаниясының жолаушысы ретінде мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді сұрайды!».
Журнал мамандары ақпаратты растады, алайда, басшыларының не үшін ұсталғанынан бейхабар болып шықты.
«Түркиядан ұшқан ұшақ Алматыға қонған бойда құзырлы мекеменің мамандары Қалыбайды ұстап алып кетеді. Ұшақта не болғаны тірі жанға белгісіз болып тұр. Сот өтті, әзірге мәлім болғаны бас редакторға әкімшілік жаза ретінде үкім шығарылып, үш тәулікке қамалды. Анықталған тағы бір дерек жолаушыларды «Скат» әуе компаниясы тасымалдаған», - дейді Рысбек Уркембай.
Дереккөз: baq.kz