Атырау, 24 қараша 06:10
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әблязовпен кездесу кейінге шегерілетін болды

1 492 просмотра

Астана. 3 қыркүйек. Baq.kz – Қазақстан мұсылмандары одағының басшысы Мұрат Телібеков Қазақстандағы Франция елшілігінің жайбасарлығына налып отыр. Әблязовпен Skype желісінде сөйлесуге мұрсат беруді өтініп жазған хаты Франция президентіне жетпей, елшілікте жатқанына бір апта бопты.

«23 тамызда мен Алматыдағы Франция елшілігіне хат алып жібердім. Алматыдағылар хатты Астанадағы елшілікке жіберіпті, ол жерден Францияға жөнелтілуі тиіс болатын. Әблязовқа халықаралық онлайн конференцияға қатысуға мүмкіндік беру туралы Франсуа Олландқа жазған хатымның француз басшысына жеткен жетпегенін кеше анықтамақ болдым. Қазір сіздің хатыңыз Астанадағы елшілікте қаралып жатыр, деген жауап алдым. Хатты ұзақ уақыт қараудың қажеттілігі шамалы. Ол Еуроодақтың стандарттарына сай, қарапайым қағазда жазылған. Жарылғыш не улағыш зат салынбаған, Франция қауіптенетіндей ештеңе жоқ», - дейді Телібеков.

ҚМО басшысы 6 қыркүйекте сағат 11:00-де дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап, Мұхтар Әблязовтің де жиынға қатысуын қалаған. Алайда, француз елшілерінің жайбасарлығынан дөңгелек үстел өтетін күн кейінге шегеруге тура келіп отыр, дейді ол.

Дереккөз: baq.kz

3 қыркүйек 2013, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.