Атырау, 24 қараша 05:42
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ауыр атлетші Зульфия Чиншанло Қытай азаматына тұрмысқа шықты

2 283 просмотра
АСТАНА. 3 қыркүйек. ҚазАқпарат - Екі дүркін әлем чемпионы және Лондондағы Олимпиада жеңімпазы жаздың басында тұрмысқа шықты, деп хабарлады Vesti.kz.

Чиншанлоның сөзіне қарағанда, ол күйеуімен бұрыннан таныс, ауыр атлетикамен айналысуды Қытайда бірге бастаған. Бірақ ол қазір спортпен шұғылданбайды. Зульфияның күйеуі олимпиада бойы оған қолдау көрсетіп отырған, екеуі тек демалыс кезінде кездесіп отырған, басқа уақытта интернет арқылы хабарласып тұрған.

Чиншанло Олимпиадада жеңіске жеткеннен кейін, оның болашақ жұбайы Алматыға келіп, біраз уақыт өткеннен кейін, олар АХАЖ-да некелерін тіркеген. Спортшының өз сөзіне қарағанда, шаңырақ көтерулеріне байланысты олар үлкен салтанат жасамаған, бұл туралы бірнеше адам ғана хабардар болыпты. Некесін тіркегеннен кейін де Чиншанло өзінің отбасы құрғанын жарияламаған. Ол өзініңотбасы төңірегінде айтылатын әңгімені қаламаған, қазірдің өзінде ол өзінің жұбайының есімін жасырады.

Зульфия Чиншанло біртіндеп жаттығуға кірісті, тіпті Польшадағы әлем чемпионатына дайындық өтіп жатқан Текелідегі жиында құрамамен бірге жаттығуға қатысты.

Еске сала кетсек, Лондон олимпиадасының барлық жеңімпаздары бір жылдық демалыс алды және биыл олар ешқандай жарысқа қатыспайды. Ауыр атлетші қыздарға өздерінің жеке өмірлеріне көңіл бөлуге мүкіндік берілді және олар оны пайдаланды. Осы көктемде штангашы Майя Манеза тұрмысқа шыққан болатын, ал бірнеше апта бұрын спортшы мен оның күйеуі, ауыр атлетші Вячеслав Ершов екеуі ұлды (Арсений) болды. Шілде айының басында Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова мен ауыр атлектикадан 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седов шаңырақ көтерді.

Дереккөз: inform.kz

3 қыркүйек 2013, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.