АСТАНА, 3 қыр –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық оқушыларды әлеуметтік желілерде көп отырмауға шақырды, оның ойынша шынайы досты интернеттен таба алмайсың.
«Мен сендерге «твиттерде» және басқа да әлеуметтік желілерде көп отырмауға кеңес беремін. Араласқан дұрыс. Интернет арқылы шынайы дос таба алмайсың. Кітап оқитын және интернеттің алдында отыратын адамдар бар. Компьютердің алдында отыратын адамдар кітап оқитындарға қызмет ететін болады. Сондықтан адаммен оның көзінен эмоцияларын көргенде, ол сенімен сөйлесіп отырғанда, оны сезінгенде араласасың», - деді Назарбаев оқушыларға сейсенбіде Астананың № 64 мектеп-лицейінде отансүйгіштік тақырыбындағы сабақта.
Дереккөз: newskaz.kz